ЕКІ БАҒЫТ · КҮНДІЗГІ ОҚУ
Магистратура
Технологиялармен қазірдің өзінде жұмыс істеп жүрген және тереңдей түскісі келетіндерге: бейіндік нұсқада бір жыл немесе ғылыми-педагогикалық нұсқада екі жыл, таңдауға екі бағыт.
1 немесе 2 жыл
ОҚУ МЕРЗІМІМЕРЗІМІ
60 кредит, бейіндік
БАҒДАРЛАМА КӨЛЕМІКӨЛЕМІ
Бейіндік және ғылыми-педагогикалық
ФОРМАТТАР
жылына 3 000 000 ₸
ОҚУ ҚҰНЫ
ЕКІ ФОРМАТ
Бейіндік немесе ғылыми-педагогикалық
Бейіндік
1 жыл · 60 кредит
- Кімге арналған
- Индустрияда жаңа кәсіби деңгейге тез шыққысы келетіндерге
- Қорытынды жұмыс
- Магистрлік жоба — қолданбалы нәтиже
- Практика
- Өндірістік практика
Ғылыми-педагогикалық
2 жыл
- Кімге арналған
- Ғылым мен оқытуға бет алып, докторантураны жоспарлағандарға
- Қорытынды жұмыс
- Магистрлік диссертация — ғылыми нәтиже
- Практика
- Зерттеу және педагогикалық практика
БАҒДАРЛАМАЛАР
Екі бағыт
AI+X
Жасанды интеллект саласындағы іргелі білімді таңдалған қолданыс саласымен ұштастырады — өнеркәсіп пен медицинадан қаржы мен мемлекеттік басқаруға дейін. Екі форматта жүреді: бір жылдық бейіндік және екі жылдық ғылыми-педагогикалық.
БЕЙІНДІК, 1 ЖЫЛ (7M06102) →Business Analytics & AI
Деректер аналитикасын, жасанды интеллектті және бизнесті басқарудың заманауи әдістерін біріктіреді: үлкен деректерді талдау, цифрлық трансформация, деректерге негізделген басқару шешімдері.
БЕЙІНДІК, 1 ЖЫЛ (7M04103) →
ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ
Магистратураға қалай түсуге болады
Кешенді тестілеуден (КТ) өтіңіз
Қабылдау КТ нәтижелері бойынша конкурспен және тек ақылы негізде жүреді.
Ағылшын тілі деңгейін растаңыз
Талаптар бакалавриаттағыдай: IELTS Academic 5.0-ден, TOEFL iBT 65-тен, TOEFL ITP 460-тан бастап — не қабылдау комиссиясымен тілдік сұхбат.
Құжаттарды тапсырыңыз
admission.qairu.kz арқылы: жеке куәлік, бакалавр дипломы, 3×4 фотосуреті, медициналық құжаттар, төлем құжаты.
Қабылдау комиссиясының шешімін күтіңіз
Өтінім қаралғаннан кейін — оқуға қабылдау.
МАГИСТРАТУРА · 2026–2027
Магистратураға құжат тапсырыңыз
Форматты таңдауға және талаптарды түсінуге көмектесеміз — қабылдау комиссиясына қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз.